Жаңа нысан Тасшағыл және Жасқайрат ауылдарында орналасқан. Облыс әкімі Серік Шәпкенов спорт кешендерінің ашылу салтанатына қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл - құрылғанына 80 жыл толғанын кеше ғана дүркірете атап өткен қасиетті өлкенің тарихында айрықша жаңалық. Ауданда бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жұмыстары кеңінен қанат жайып келеді. Ауылдардың келбеті мен тыныс-тіршілігі жаңа кейіпке еніп, Жасқайрат пен Тасшағылда спорт кешендерінің ел игілігіне беріліп жатыр. Еліміздің рухты ерлері, жеңісті ұлдарын тәрбиелер берекелі орын болғай!», деді С.Шәпкенов.
Айта кетейік, спорт кешендерінде футбол, волейбол және баскетболға арналған алаң, күрес залы, киіну бөлмесі бар. Сонымен қатар 150 көрерменге арналған трибуна қойылған. Заманауи үлгідегі қажетті құрал-жабдықтармен жарақталған.
Бір қызығы. Қызылқоға ауданында 10 мыңға жуық тұрғын бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Қазір аудандағы он ауылдық округтің екеуінде ғана спорт кешені бар. Келер жылдың аяғына дейін жеті спорттық нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Сондай-ақ биыл сегіз ауылда 11 ашық спорт алаңының құрылысы басталған, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған.