• RUB:
    5.04
  • USD:
    485.04
  • EUR:
    525.98
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:25

Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

26 рет
көрсетілді

Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жедел кеңесте жеке құрамға ПД жаңа басшысын таныстырды.

- ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды. Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр нақты тапсырмалар берді.

ІІМ басшысы Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу барысы туралы жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.