• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 19 Қазан, 2024

Қарағандыда сотталушыны азаптаған ҚАЖД қызметкеріне сот үкімі шықты

212 рет
көрсетілді

Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау дерегі үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамды азаптаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне үкім шығарды.

- Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады, - деп жазылған хабарламада.

Сотталушы әділет капитаны атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.