• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Республика күні 21 Қазан, 2024

Астанада Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

201 рет
көрсетілді

25 қазан күні елімізде Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі. Олардың арасында мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрнекті нысандар бойынша экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар бар, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шаралар орталық алаңдарда, ірі нысандарда, тұрғын алаптарда, білім беру ұйымдарында өтеді. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеттері таратылатын болады.Мереке аясында елордада және әрбір ауданда түрлі саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, еңбек ардагерлері, белсенді азаматтары марапатталады.Бұл күндері білім беру ұйымдарында дөңгелек үстелдер, пікірталас турнирлері, көрмелер, танымал тұлғалармен кездесулер, конференциялар, шығармашылық конкурстар, эсселер мен оқырмандар конкурстары өткізіледі.21 қазан күні сағат 10:00-де Есіл ауданының ұйымдары «Аспан» СК волейболдан жарысқа түседі.23 қазан күні «Жастар» сарайында сағат 19:00-де Республика күніне арналған «Жігер» эстрадалық-джаз ансамбліні «Атамекенім» атты мерекелік концертін қояды.

Сол күні Сарыарқа ауданында Юбилейная көшесі, 22 және Жеңіс даңғылы, 34 бойынша бұрынғы бос орында жаңа қоғамдық кеңістік ашылады. Сондай-ақ, Қосшығұлұлы көшесі, 17 және 19 аулаларының абаттандырылуына арналған мереке өтеді.

25 қазанда сағат 15.00-ден 16.30-ға дейін орталық алаңда және елорда саябағында қазақ эстрадасының жұлдыздары мен би ансамбльдерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді. Іс-шара барысында «гір көтеру», «асық ату», «қол күрес» және т.б ұлттық ойындар да өткізіледі.

Сонымен қатар Қошқарбаев, 29/1 мекенжайы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарттар арасында дойбыдан жарыс өтпекші.