Су ресурстары және ирригация министрлігі аталған зерттеулерді су тасқынына дайындық шеңберінде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көп факторлы зерттеу нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу үшін жүргізіледі. Бүгінде министрлік мамандары «Қазсушар» филиалдары мен жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою, жөндеу, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары бойынша өз қорытындыларын берді. Ведомство биыл 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізген.
Министрлік жыл соңына дейін тағы 19 нысанда көп факторды зерттеу жүргізуді жоспарға алған. Айта кетсек, жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, елімізде гидротехникалық нысандар әр 5 жыл сайын көп факторлы зерттеуден өтуге міндеттеледі.
«Министрлік әзірлеген Су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2024-2028 жылдар аралығында республика бойынша 557 нысанда көп факторлы зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде, келесі жылы 105 гидротехникалық нысан тексерістен өтеді. Көп факторлы зерттеу қорытындысы бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін нысандарды қалпына келтіру жоспарын қабылдау қажет. Аталған жұмысты бассейндік инспекциялар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе орындауы тиіс», деді аппарат кеңесінде сала министрі Нұржан Нұржігітов.