Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындарында тегін оқуға грант жеңіп алған мерзімді қызмет әскерилерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік мәліметінше, бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болған.
Конкурсқа Қорғаныс министрлігінен 8 169, Ұлттық ұланнан 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен 315, Шекара қызметінен 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысқан.
Айта кетейік, «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз еткен.
Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімін мына сілтемеге өтіп көруге болады.