«Қазгидромет» синоптиктері бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысының таулы аудандарында қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады.
Алматы қаласында да тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
«Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында 23 м/с болады. Ақтөбе облысында да жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Шымкентте күннің екінші жартысында, түнде және таңертең тұман түседі», дейді мамандар.
Болжамға сәйкес, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ал Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.