Қарағандыда кәмелетке толмаған екі баласының көзінше бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындаған. Прокурор оны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал жәбірленуші тарап сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды және одан 30 миллион теңге азаматтық шығын өндіруді өтінген.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен «Адам өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу жазасы тағайындалсын, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 20 теңге көлемінде моральдық шығын өндірілсін миллион теңге үкімді орындау үшін азаматтық талап бөлігінде сотталушыға алты ай уақыт берілсін, ал орындамаған жағдайда көрсетілген сома мәжбүрлеп өндірілсін», деп Самал Аринова үкімді жариялады.