Алматыда экологиялық бекеттерде автокөліктер жаппай тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуды көздейді.
Осы айдың басынан бері тоқтатылып-тексерілген автокөліктердің 42%-ы ауаға шамадан тыс улы зат шығаратыны анықталған.
Qazaqstan.tv-дің хабарлауынша 202 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған, 123 құқық бұзушыға айыппұл салынған.