Түркістан облысындағы Төле би аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы сағат 06:00 шамасында болған, деп жазады Egemen.kz.
Жылынып алу үшін кілттенбеген Lexus автокөлігіне кірген мас ер адам шамалы уақыттан соң көліктің кілтін тауып, айдап кеткен. Салдарынан рөлді басқара алмай, Opel Vektra көлігіне соғылған.
Полиция мәліметінше күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.