25 қазанда Алматы-Шелек-Қорғас автожолында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Lexus RX 300 жүргізушісі батыс бағытта кетіп бара жатып, жолдың 59 шақырымында жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті.
Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
«ЖКО дерегі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Аймақ полицейлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.