• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қазан, 2024

Қазақстандықтар азық-түлікке айына 114 мың теңге жұмсайды

257 рет
көрсетілді

Freedom Finance Global сарапшыларының мәліметінше, сауалнамаға қатысқан 3 мыңнан астам тұрғынның 27 пайызы айына тамаққа 50 мың теңге кетеді деп жауап берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқы азық-түлікке ай сайын орта есеппен 113 мың 870 теңге жұмсайды.

30 пайызға жуығы 30 күнде 75-100 мың теңге аралығында жарататынын айтқан.

Әрбір бесінші тұрғын, яғни 17 пайызы ай сайын тамаққа 100-150 мың теңге бөледі.

Тағы 12 пайызы 75 мыңға дейін, қалған 10 пайызы 150-200 мың теңге қаржысын азығына арнайды екен.