• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қазан, 2024

Алматыда заманауи мәдениет орталығы салынады

87 рет
көрсетілді

Активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

 

Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өткен еді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылған.

Солардың бірі – Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.

Объект іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп жоспарланған.

Сонымен қатар, тағы бірі Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы.

Бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жалғасып жатқандығы хабарланды.