• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.81
  • EUR:
    527.62
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астаналық 3 тұрғын лифт ішінде қалып қойған

82 рет
көрсетілді

27 қазан түнде елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 3 тұрғынды аман-есен шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға Сарыарқа ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерінің біріндегі лифтте болған.

Тұрғындар жеделсаты қызметіне жауапты мекемеге жүгінген. Мамандарды күтіп тұрғанда іштегі әйелдің тынысы тарылып, өзін жайсыз сезіне бастаған соң 112 қызметіне қоңырау шалған.

Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, тұрғындарды шығарып алған.