• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.81
  • EUR:
    527.62
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:50

Алматыда ер адам екі тұрғынды пышақтап кеткен

26 рет
көрсетілді

Қала орталығында ер адам өтіп бара жатқан екі тұрғынды пышақпен жаралаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 27 қазан күні сағат 15:00 шамасында Дунаевский мен Жароков көшелерінің қиылысында жаралы азамат өтіп бара жатқандардан жедел жәрдем шақыруды өтініп, бейтаныс адам пышақтап кеткенін айтқан. Кейінірек Дунаевский көшесіндегі орындықта қансыраған тағы бір жаралы адамның бар екені белгілі болған. 

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, шабуылдарға қатысы бар күдікті ұсталды.

«Бостандық аудандық полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бейтаныс ер адамдар арасында жанжал болған», деп хабарлады ведомстводан.

Шабуыл жасаушы мен зардап шеккендердің бір-бірін танымайтындары атап өтілді.