• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қазан, 2024

Онкологиялық науқастарды емдеуге қосымша 25 млрд теңге бөлінеді

149 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Телеграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша қаражат бөлінген.

«Бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияны 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болды. Алайда, біз бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгіздік. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жемісті жұмысымыздың арқасында онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлу туралы түзетуіміз қолдау тапты. Бұл – өте қуанышты және маңызды жаңалық», деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, Аймағамбетов соңғы жылдары онкологияға қарсы күресте Президенттің қолдауының арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, кешенді жоспар бекітілгенін және мамандандырылған орталықтың құрылысы аяқталуға жақын екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығының құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсынысымыз да қабылданды.Қазіргі уақытта Орталық Азияда протондық терапия орталығы жоқ, сондықтан біздің пациенттер қымбат ем алу үшін шетелге баруға мәжбүр. Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады», делінген жазбада.