Елордада сабақ уақытында ұялы телефоннан бас тартқан мектептер саны 24-ке жеткен. Оқушылар телефондарын бірінші сабақтың алдында арнайы ұяшыққа салып қояды, деп жазады Egemen.kz.
Қалалық білім басқармасынан хабарланғандай, бірқатар мектептерде «Смартфонсыз мектеп» жобасы іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, №1, №4, №7, №8, №17, №18, №25, №28, №29, №32, №34, №43, №46, №48, №52, №58, №70, №73, №76, №77, №87, №93, №103, №108 мектептері, барлығы 24 білім ошағы.
Мамандардың айтуынша, бұл – оқушылардың ойлау қабілетіне және психологиялық денсаулығына оң әсер етеді.
Осыған дейін Астанада Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары буллингке қарсы тұру мақсатында ұялы телефонды пайдаланудан біржола бас тартқанын жазғанбыз.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы оқушылардың сабақ кезінде телефон ұстауына тыйым салатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған болатын.