• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қазан, 2024

Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

87 рет
көрсетілді

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттайтын материалдар таратқан. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған.

Сотталушының  кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденген. Прокурор Т.-ға бас бостандығынан айыру жазасын, ал, сотталушы және қорғаушысы жеңіл жаза тағайындауды сұраған.

«Сот, сотталушының жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарының ауырлығын, жасаған қылмыстың әлеуметтік мәнін, жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін толық мойындағанын, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескере отырып, Т.-ға түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі,  259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.