• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 30 Қазан, 2024

Үшағаш ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

102 рет
көрсетілді

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылының тұрғындары үшін медициналық пункттің жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медициналық пункт қажетті құралдармен және жиһазбен жабдықталған. Пациенттерге тіркеу кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет, физиотерапия, зарарсыздандыру кабинеті, қақырықты алу кабинеті қызмет көрсетеді.

Жаңа нысандар медициналық көмектің қолжетімділігіне және ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға ықпал ететін болады.

Ұлттық жобаның шеңберінде үш міндет іске асырылып жатыр. Бұл ауылдық елді мекендерді 655 медициналық нысан салуды қамтитын МСАК ұйымдарымен қамтамасыз ету. Екіншісі - 32 аудандық орталық аурухананы жаңғырту арқылы ауыл халқына білікті медициналық көмек көрсету. Үшінші міндет – ауылдық денсаулық сақтау нысандарына медициналық кадрларды тарту.