• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қазан, 2024

Балалар сапалы қазақша мультфильмдерді көруі тиіс - Асхат Аймағамбетов

108 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақ тіліндегі мультфильмдердің өте аздығын, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймағамбетовтың пікірінше, бүгінгі таңда балалардың теледидардан гөрі интернет пен YouTube-ты көбірек таңдайтыны үлкен мәселе болып отыр. Сондай-ақ, ол балалардың «Синий трактор» мен «Маша и Медведь» сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс екенін атап өтті.

«Осы мақсатта, келесі жылдың бюджет жобасын қарастыру барысында, қазақ тіліндегі мультфильмдер жасауға 350 миллион теңге бөлетін және олардың тек теледидарға емес, міндетті түрде интернетке, соның ішінде YouTube-қа жүктелуін қамтамасыз ететін норманы заңға енгіздік. Бұл балалардың қазақ тілінде қызықты контентке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді деп сенеміз», деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram парашасында.

Сондай-ақ, Аймағамбетов әлемдік хит мультфильмдерді де мемлекеттік тілге аударып, YouTube-қа жүктеудің маңызды  екенін тілге тиек етті. Бірақ бұл үшін авторлық құқық иелерімен ауқымды жұмыс қажет. Әзірге бұл мәселе толық шешілген жоқ, бірақ алдағы уақытта осы бағытта жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырғандығын атап өтті.