• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қазан, 2024

Елімізде дәрігерлердің орташа жалақысы қанша

169 рет
көрсетілді

Мәжіліс алаңында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі дәрігерлердің орташа жалақы мөлшерін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан бойынша есептелген орташа жалақы бар. Мысалы, жаңа бастаған дәрігер шамамен 350-300 мың теңге алса, тәжірибелі дәрігер, кардиохирург миллион теңгеден жоғары алады. Осының бәрі қосылып, Қазақстандағы орташа жалақы 405 мың теңге шамасында болады екен», дейді Ақмарал Әлназарова.

Бұған дейін Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылы денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттен 2,4 триллион теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтқан еді.