• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Қазан, 2024

Павлодарда құны 100 миллион теңгеден асатын вейптер тәркіленді

110 рет
көрсетілді

Павлодарда полицейлер жертөлелердің бірінен құны 100 миллион теңгеден асатын жүздеген мың вейптерді тапты. Бес адам күдікке ілініп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысының Полиция департаменті мәлім еткендей, прокурорлардың көмегімен құны 100 миллион теңгеден асатын қауіпті электрондық темекі, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасы анықталған.

«Қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер жүздеген мың электронды темекі құрылғысын, 1 миллион теңгеден астам ақша қаражатын, бухгалтерлік құжаттаманы, жазбалар және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тапты», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта интернет-ресурстар арқылы вейп және сұйықтық сататын топ болып әрекет еткен 5 адам ұсталған. Электрондық темекінің заңсыз айналымына қатысты тергеу амалдары басталғаны белгілі болды.