Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған қазақстандық азамат Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, өткен жазда Сарыағаш қаласындағы дәмханалардың бірінде ер адам достарымен бірге басқа келушімен жанжалдасып, оның денесіне зақым келтіріп, мекеменің мүлкіне зиян келтірген.
Ұсталған азамат Қазақстанға депортацияланды.
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Екі күн ішінде полицияның іс-шараларымен іздеуде жүрген 280 қылмыскер анықталып, ұсталған.