• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 02 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: Мұрасын итке қалдырған

178 рет
көрсетілді

86 жасында қайтыс болған үндіс­тандық кәсіпкер 91 миллион фунт стерлингке бағаланған байлығын итіне, сондай-ақ қызметкерлеріне өсиет етті.

Ратан Навал Тата 1937 жылы Мумбай қаласында дүниеге келген. Ол талай жыл «Tata Group» компаниясын басқарды. Кәсіпкердің жақын досы Сухель Сеттің айтуынша, ол аспаз бен күтушіге әрдайым құрметпен қарап, жиі қонаққа шақыратын болған. 2018 жылы науқас итінің қасында қалып, Букингем сарайына барудан бас тартыпты. Бұл әрекет сол кездегі ханзада Чарльзға ерекше әсер етіп, кәсіпкерді «Нағыз адам» деп атаған еді.

 

Күзетші робот

Бұдан былай Қытайдың «Куан­жай аллеясын» роботтар бақы­лайды.

Төрт аяқты құлтемір «лингтонг» деп аталады. Қазақша – «дана көз». Атынан аңғарғанымыздай, бұл робот қылт еткенді қалт жібермейді. Жылт еткенді жіті бақылайды. Негізгі міндеті – түнгі қауіпсіздікті қадағалап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету әрі өрттің алдын алу. Чэнду қаласы 2026 жылға қарай күнделікті өмірде қолдануға болатын осындай роботтың кем дегенде 100 түрін шығармақшы.

 

Ұшатын көлік

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанч­жоу қаласында ұшатын автокөлік зауыты салынып жатыр.

Қанаты бар көліктер жеке қолданыстан бөлек, қоғамдық қызмет көрсетіп, апатты жағдайда құтқару және туризм кезінде экскурсия жасауға пайдалануға болатындай етіп жасалмақшы. Сонымен қатар ірі мегаполистердегі көлік кептелісі мен қалааралық қозғалыстағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ұшатын кө­ліктерге жылдың аяғына қарай алдын ала тапсырыс қабылдау басталады. Ком­пания жариялаған мәліметке сәйкес, бастапқы бағасы 280 мың АҚШ доллары деп бағаланған.