Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адамның Сарысу көліне балық аулауға кеткені және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама түсті.
Келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ, – деп қосты ведомство.
Мамандар төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.