• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Қараша, 2024

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады

154 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде елімізде күн суытып, қар жауатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

5-7 қараша күндері ел аумағында күн райы тұрақсыз болады. Ауа қысымы тез өзгеріп, жауын-шашын, қар жауып, екпінді жел соғып, тұман түсуі ықтимал. 

7 қараша республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  ауа температурасы түнде -3 градустан +5 градусқа дейін, таулы аймақтарда -8 градус, күндіз 0-7 градус аяз, таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктер еліміздің оңтүстігінде де күн райы суытатынын мәлімдеді. 

«6-7 қараша күндері республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанып отыр. 5 қарашада батыста, 6 қарашада солтүстікте күн суытады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.