Алматы облысы Талғар ауданында Мемлекеттік рәміздер қоқысқа тасталған. Аталған дерек бойынша аймақ полициясы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті блогерлердің бірі Instagram-да Еркін ауылында өрескел жағдай орын алғанын айтып, фотосурет жариялады. Қоқыс алаңында түсірілген суретте үш Мемлекеттік Елтаңба мен жалаушаға ұқсайтын көк материал көрсетілген. Бұған ашуланған қазақстандықтар кінәлілерді тауып, жазалауды талап етіп пікір қалдырған.
Облыстық полиция департаменті «Мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды» деп мәлімдеді.