• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Таным 05 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: Студент көке

82 рет
көрсетілді

«Білім алудың ерте-кеші жоқ». Осы сөзді айтатын адам көп. Бірақ іс жүзінде дәлелдегендер некен-саяқ. Солардың бірі – 57 жас­тағы қызылордалық Кендебай Ыды­рысов.

1988-1991 жылдары Ташкенттегі құрылыс техникумында оқып, 2006 жылы тау-кен жұмыстары мамандығы бойын­­ша жоғары оқу орнын тәмамдаған Кендебай Ыдырысов білімнен кенде емес. Бірақ ол заман ағымына ілесіп, техника тілін меңгеріп, сапалы маман болу мақсатында қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білімін шың­дап жүр. «Жасыратыны жоқ, жасың үлкейгеннен кейін оқу оңайға соқпайды. Бірақ қай жасқа келсең де, жаңашылдыққа ұмтылған дұрыс», дейді ол.

 

Қатал тәртіп

Жапонияда велосипедпен келе жатып телефонмен сөйлескендер 6 ай бас бостандығынан айырылады немесе 100 мың иен айыппұл төлеуге міндетті.

Жаңа заң өткен жұмада күшіне енді. Биліктің бұл бастамасына велосипедшілер арасында жол көлік оқиғасының артуы себеп болған. Мәселен, былтыр 72 мың апат тіркелді. Бұл – елдегі жалпы жол апатының 20 пайызына тең. Ал осы жылы велосипедтен 1 адам опат болып, ондаған кісі зардап шеккен.

 

Жарғанаттар жарысы

АҚШ-та Жер ресурстарын бас­қару бюросы ұйымдастырған жарға­наттар арасындағы сұлулық са­йыс­ы өтті.

Осы бір жаратылыс иесінің эко­логиядағы маңызды рөлін насихаттау­ды мақсат еткен федералдық агент­тік бұл іс-шараны 2019 жылдан бас­тап ұйымдастырып келеді. Жабайы та­биғатты қорғау жөніндегі маман Эмма Бусктің айтуынша, жарғанаттардың қоршаған ортаға үлесі зор. Олар зиянды жәндіктермен қоректеніп, гүлдер мен жеміс ағаштарын тозаңдандырып, орман шаруашылықтарына орасан пайда әкеледі. Айтпақшы, биылғы байқаудың жеңімпазы Орегон штатынан келген Қырылдауық Поттер есімді жарғанат болды.