• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Қараша, 2024

Мемқызметшілерге сыйақы төлеуге тыйым салынбайды - министрлік

156 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі осыған дейін Үкімет қаулысына сай кейбір кірістер мемлекеттік қызметшілерге сыйақы ретінде төленбеуі тиіс деген болатын. Осыған байланысты қоғамда түрлі  пікір қалыптасты. Министрлік бюджетте сыйақы ретінде қарастырылған қаржы сол мақсатта жұмсалу керек екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Үкіметтің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. 

Қаулыда іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға, өзгеде шығыстар бойынша үнемделген қаржыны сыйақы ретінде үлестіруге болатыны нақты айтылған. 

Қаржы министрлігі осыған байланысты заңнамалық актілерге өзгеріс енгізілмегенін мәлімдеді. Тиісінше мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеуге ешқандай тыйым салынбайтыны анық болды. 

«Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді жоғарыдағы тізімнен бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу керектігі айтылған болатын.Инвестициялық жобаларды іске асырудан немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс», делінген министрлік хабарламасында.