Жетісу облысы әкімінің өкімімен облыстың Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Нұрбол Төлендіұлы Ботабеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұрбол Төлендіұлы 1989 жылы туған. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін көлік, көлік техникасы және технологиясы, Д.Қонаев атындағы көлік құқық гуманитарлық университетін құқықтану, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын құрылыс мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жетекші маманы болып бастап, кейін бас маманы болған.
Әр жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2022 жылдың қаңтарынан Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болды.