• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қараша, 2024

Алматыдағы жер сілкінісі: Сейсмолог мәлімдеме жасады

113 рет
көрсетілді

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев бүгін таңертең болған жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысының аумағында, Талғар ауданында болды. Жер сілкінісі Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары 3-4 балл көлемінде сезілді. Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғары сейсмикалық аумағында күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс. Құрметті азаматтар, сіздерді тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», деді Дәулет Сәрсенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қарашада Астана уақытымен сағат 10:01-де Алматы облысы мен Алматыда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Алматыда жер асты дүмпулері 3 баллға, Талғарда 4 баллға дейін сезілген.