• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мектеп 05 Қараша, 2024

Қостанай мен Жетісу облыстарында екі жайлы мектеп ашылды

50 рет
көрсетілді

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды іске асырылып жатыр. Ұлттық жоба аясында Қостанай облысының Заречный кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында тағы екі білім беру ұйымы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Мектептер 900 және 1200 оқушы орнына арналған. Мұнда 100-ден астам оқу кабинеті, оның ішінде зертханалары бар физика, химия, биология кабинеттері, робототехника және STEM зертханалары бойынша сыныптар, сондай-ақ 3 спорт залы бар.

Білім беру нысандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдай жасалған: пандустар, тұтқалар, көру қабілеті төмен жандарға арналған ескерту жүйелері, таблолар мен бағдарлар орнатылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2024-2025 оқу жылының басынан бері елімізде 82 мыңға жуық оқушы орнына арналған 30 жайлы мектеп ашылған. Оның ішінде 9 мектеп Астана қаласында, 6 мектеп Ақмола, 3 мектеп Алматы облыстарында және екі мектептен – Атырау және Жамбыл облыстарында, бір мектептен – Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ, 1 мектеп Алматы, 2 мектеп Шымкент қалаларында ашылды.

2025 жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.