• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қараша, 2024

Түркия Қырғызстанның 62,3 миллион доллар қарызын кешірді

101 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Бішкекке мемлекеттік сапармен барған Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Президент Ердоғанға Қырғызстанның Түркия алдындағы сыртқы қарызын өтеу туралы шешім қабылдағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін», деді Садыр Жапаров.

Түркия «жасыл» экономика жобаларын жүзеге асыру үшін Қырғызстанның 62,3 миллион доллар көлеміндегі сыртқы қарызын кешіргені атап өтілді.

Айта кетейік, іссапар нәтижесінде екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған 19 екіжақты құжатқа қол қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қырғыз Республикасында мемлекеттік сапармен жүр. 6 қарашада Түркия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.