• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Технология 05 Қараша, 2024

Alaqan биометрия қызметі шетел нарығына шығады

121 рет
көрсетілді

Отандық Alaqan биометриялық сервисі Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.

Alaqan биометриялық сервисі – бұл қауіпсіз әрі ыңғайлы төлемдер, оны бақылау және деректерді есепке алу үшін алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны сәйкестендіру саласында пайдаланатын инновациялық биометриялық жүйе. Технология карталарды, қолма-қол ақшаны немесе мобильді құрылғыларды пайдаланбай-ақ төлем жасауға және авторизациялауға мүмкіндік береді. 

«Бұл жүйе адамға әрекет еркіндігін береді. Alaqan қазірдің өзінде мектептерде қолданылып жатыр және Alaqan Mektep экожүйесі ретінде белгілі. Оның арқасында бала алақанының көмегімен мектепке кіреді, тамақ сатып алады, кітапханадан кітап алады, шкафын ашады және мұның бәрін ата-аналар бақылай алады. Бүгінгі таңда Alaqan Mektep жүйесі бірнеше өңірдің оқу орындарына енгізілді, қазірдің өзінде 300-ге жуық мектеп қосылды. Бұл жобамызды араб елдерінде де ұсындық, онда біздің әзірлемеміз төлем жүйесі ретінде қолданылады. Ертең біз Сингапурға ұшқалы отырмыз, яғни, Оңтүстік-Шығыс Азия нарығын игереміз», деді Alaqan компаниясының негізін қалаушы Берік Нұрымбетов.