• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қараша, 2024

Отандық Cerebra AI стартапы Шанхайда таныстырылды

72 рет
көрсетілді

Диагностика бойынша отандық Cerebra AI стартапы Шанхайдағы көрмеде таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КТ-түсірілім бойынша инсульт белгілерін анықтау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеуші отандық Cerebra AI компаниясы шетелдік нарықта да, елімізде де қызметін кеңейтуді жалғастырып жатыр.

Үкіметтің мәліметінше, еліміздің 47 инсульт орталығында бағдарламалық қамтамасыз етуді 700-ден астам нейрохирург пен невропатолог белсенді пайдаланады. Технология Өзбекстан мен Сауд Арабиясының ауруханаларына да енгізілген.

Сонымен қатар компания медициналық деректерді жинау және өңдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарларға басымдық беріп отыр. Бұл үшін Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесі ерекше тұғыр болған.

«Қытай – біз үшін стратегиялық маңызды нарық. Біз мұнда жергілікті компаниялармен танысуға, өнімімізді көрсетуге әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға келдік. Қытай технологияларды әзірлеу саласында көш бастап тұр. Сол себепті біз мұнда тәжірибе алмасып, бизнесіміздің көкжиегін кеңейте алатынымызға сенімдіміз», деді Cerebra AI компаниясының директоры Арман Оспанов.