• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Қараша, 2024

Ұн жөнелтуден рекорд жаңарды

65 рет
көрсетілді

Осы жылдың 10 айында ұн өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық көрсеткіштерден асып, 2,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11% өсуді білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәнді дақылдарды өңдеу және ұн жөнелту бойынша көшбасшы - Қостанай облысы, ол жалпы тиеудің 50%-ын құрайды, екінші орынға 17%-бен Акмола облысы орныққан.

Сонымен қатар қыркүйек-қазан айларында жаңа егістіктен дәнді дақылдарды өңдеуден жарты млн тоннадан астам өнім тасымалданды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, ұн өнімдерін тасымалдаудың негізгі бағыттары Орталық Азия елдері, отандық ұнның импорты бойынша көшбасшылар - Ауғанстан (788 мың тонна), Өзбекстан (454 мың тонна), Тәжікстан (57 мың тонна), Түркменстан (28 мың тонна) және Қырғызстан (23 мың тонна).

Қытай нарығы да оң серпінді көрсетіп, осы жылдың 10 айында жарты млн тоннадан астам өнім тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 48% өсті.

Жабық вагондардың паркі ұн өнімдерін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті және 15 мың вагоннан асады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және аймақтарда дәнді дақылдар мен ұн өнімдерін тасымалдау бойынша мәселелерді шешу және дәнді дақылдар жүктерін тасымалдауды бақылауды қамтамасыз ету үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.