Жарылған қазандық Амангелді ауданының орталығындағы 2 қабатты үш тұрғын үйді және сот, мұражай, мәдениет үйін жылытады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға салдарынан 1969 жылы туған азамат жарақат алған.
«Науқасты Арқалық қаласындағы өңірлік ауруханаға жеткізу мәселесі шешіліп, санавиация арқылы аудан орталығына анестезиолог мамандар бригадасы жіберілді. Бір тәулік ішінде контейнерлік типтегі блоктік-модулдік қазандық орнатылады. Жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жылусыз қалған үйлер электр қуаты арқылы жұмыс істейтін жылыту құрылғыларымен қамтамасыз етілді. Тұрғындар жылусыз қалмайды», деді Амангелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев.