• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:00

«Самұрық-Қазына» мен «Societe Generale» арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қойылды

56 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4-5 қара­ша­да Францияға ресми сапары кезінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «Societe Generale» қаржы конгломераты арасындағы стра­тегиялық ынтымақтастық туралы серіктестік келісімге компания басшылары қол қойды.

Сондай-ақ Қазақстан темір жолы мен «Alstom Transport» арасында 6 осьті электровоздар бо­йынша стратегиялық ынты­мақ­тастық туралы келісімге қол қойылды.

Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Мак­ронның қатысуымен 5 қа­ра­­шада «Самұрық-Қазына» және ҚТЖ келісімдерін қоса ал­ған­да,­ бар­­лығы бес құжатқа қол қо­йыл­ды.

Бір күн бұрын қордың бас­қарма төрағасы Нұрлан Жақыпов француз компаниялары топ-ме­неджментімен кездесті.

Ағымдағы жобалар бойын­ша мәртебені «Самұрық-Қа­зына» басшысы «Orano S. A.» фран­­ция атом өнеркәсібінің көш­басшысымен талқылады. Француз компаниясы «Қаз­атом­өнеркәсіппен» уранды бірлесіп өндіру және қайта өңдеу, сон­дай-ақ ғылыми-техника­лық қыз­мет мәселелері бойынша ын­тымақтасады.

Сондай-ақ Нұрлан Жақыпов «Societe Generale» француз кон­гло­мератының топ-менеджері Илья Поляковпен кездесті. Тарап­тар ынтымақтастық мәселелерін тал­қылады.

Қазақстан-француз іскер­лік кеңесі шеңберінде «Самұрық-Қазынамен» ынтымақтастық­тың артықшылықтары туралы «Самұ­рық-Қазына» АҚ басқа­рушы директоры Салтанат Сәтжан айтып берді.

«Самұрық-Қазына» – Фран­ция­дағы «Total Energies», «Orano S. A.», «Societe Generale», «EDF» сияқты ірі компа­ния­лардың серіктесі.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» Қазақстан–Франция іскерлік кеңесінде бес құжатқа қол қойылды, атап айтқанда:

ҚТЖ және «Societe Generale» арасындағы «Alstom» электровоздарын сатып алуды қаржыландырудың негізгі шарттары туралы келісім; ҚТЖ-Жүк тасымалы және «ЭҚЗ» ЖШС «Alstom» тарапымен Қазақстанға 2028 жылға дейін 117 локомотив жеткізетін қосымша келісімі; KEGOC және ASSYSTEM Қазақстанның ұлттық электр желісінің орнықтылығы мен тиім­ділігін арттыруда ынты­мақ­тастық және жәрдем көрсету келісімі; «ҚазМұнайГаз» және «Axens» Қазақстанда SAF өндірісі бойын­ша жобаларды іске асыру мүм­кін­дігіне зерделеу келісімі; «Қазатомөнеркәсіп» және «Orano S. A.» арасын­да­ғы бі­лім беру саласындағы өзара түсі­ністік және ынтымақтастық туралы меморандум.

 

Алдаберген КЕМПІРБАЙ 

Соңғы жаңалықтар