АҚШ президенттігіне демократтар атынан кандидат болған вице-президент Камала Харрис республикашылдар атынан түскен қарсыласы Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін қоңырау шалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
«Дональд Трамп пен Камала Харрис сәрсенбіде таңертең телефонмен сөйлесті. Харрис Трампты тарихи жеңісімен құттықтады. Президент Трамп вице-президенттің күшін, кәсібилігін және табандылығын жоғары бағалады, екі көшбасшы да елдегі бірліктің маңызын мойындады», - деп жазылған Трамптың сайлауалды штабының мәлімдемесінде.