Бұндай жағдай ауа райының нашарлауына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысы білім басқармасының хабарлауынша 7 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым 0-11 сынып оқушыларының, 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқуға көшіріледі.
Балқаш және Приозерск қалалары штаттық форматта оқиды.
Ақмола облысында: 1 ауысым 0-11 сыныптар: Астрахан, Атбасар, Шортанды, Ақкөл, Жақсы, Ерейментау, Есіл аудандарындағы қала мектептері, Жарқайың ауданының мектептері, Сандықтау ауданының 2 мектебі. 0-9 сыныптар: Қосшы қаласы, Целиноград, Степногорск қаласы, Егіндікөл, Біржан сал, Аршалы аудандары.1-4 сыныптар: Көкшетау қаласы, Зеренді ауданы.
Павлодар облысында 7 қарашада бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-11 сынып оқушыларының және 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқу форматына ауыстырылады.
Еске салайық, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше қатты жел және көрінудің шектелуіне байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген. Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық.
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.