• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қараша, 2024

Алматыда есірткі зертханасы анықталды

108 рет
көрсетілді

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК мәліметінше, есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Анықталғандай, зертханадан 5 кг жуық дайын өнімдер және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленген.

«Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.