Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XII кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
Тараптар Достастық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, қазіргі жағдайдағы халықаралық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен тәуекелдері, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ Ауғанстан бойынша өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы әріптестеріне өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарына қатысты еліміздің ұстанымын хабардар етті және ұлттық мүддені ескере отырып, өзара ықпалдастықты дамыту туралы бірқатар ұсынысын жеткізді.