• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Қараша, 2024

Масацугу Асакава еліміздің экономикасына оң баға берді

115 рет
көрсетілді

Азия даму банкінің президенті еліміздің экономикалық реформалары мен орнықты даму жолындағы табысын оң бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар банктің Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және инвестициялық ахуалды нығайту бағытындағы ірі жобаларға қатысуға дайын екенін растады.

Азия даму банкі президентінің сапары аясында жалпы құны 300 миллион доллардан асатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.