• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қараша, 2024

Енді вакцинация кезінде Face ID қолданылады

150 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ел азаматтарын вакцинациялау кезінде енді Face ID технологиясы қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ербол Оспанов eGov жүйесінде цифрлық құжатты QR коды арқылы растау қолданылатынын атап өтті.

«Бұл цифрлық құжат тегін беріледі. Бұған дейін де көпшілігіміз осы QR кодын eGov жүйесінде пайдаланып жатырмыз. Екіншіден, Face ID технологиясы Денсаулық сақтау министрлігінің жобасы, оған қаражат бөлінбеген. Бұл шамамен бір айда әзірленген қызмет», деді Ербол Оспанов.

Сондай-ақ, вице-министр  пациенттерді сәйкестендіру жүйесін енгізу үшін бүкіл Қазақстан бойынша емханалар арнайы веб-камералар сатып алатынын мәлім етті.

«Медициналық ұйымдар пациентті анықтау үшін веб-камераларды сатып алуға міндетті. Камералар 3000-4000 теңгеден, қымбаты 15 мың теңгеден басталады. Біз құны 4000 теңгеге жуық камераларды тестілеуден өткіздік, олар қалыпты, үздіксіз жұмыс істеп тұр», деді Ербол Оспанов.

Шенеуніктің айтуынша, бүгінде Астанадағы 48 медициналық мекемеде науқастарды цифрлық сәйкестендіру жүйесі орнатылған.