• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 09 Қараша, 2024

Робот жасаған операция

223 рет
көрсетілді

Медицинада адам қолы мен ақылынан асқан құрал жоқ десек те, осы саладағы ізденістер мен техникалар үздіксіз дамып жатқаны, оның игілігін отандастарымыздың көре бастағаны қуантады.

Алматыдағы №4 қалалық кли­никалық ауруханада халықара­­лық шеберлік сабағы өтіп, отан­­дық травматологтер мен ортопед­тер толық автоматтандырыл­ған ор­­топедиялық жүйеде хирур­гия­­­лық операция жасауға жат­­тық­­ты. Тізе буындарында ауыр ке­селі бар төрт бірдей нау­­қас­­қа ро­боттың кө­мегімен эндо­­­про­тез­деу жасалды. Жүйе тізе буын­да­рына артро­пластика жа­сау­да стереотактикалық құ­рыл­ғы ре­тінде қолданылды. Робот нау­қас­тың МРТ, КТ сурет­­терін пай­да­лану арқылы хирург­ке опе­ра­ция ал­дындағы да­йын­дықты жос­парлауға көмектесіп, опе­рация барысында сараптама­лық ақпараттар беріп отырады.

Отандық медицина­да­ғы айту­лы сәт, роботпен ал­ғаш­­­қы­­лар­дың бірі болып тізе буын­­­да­рына операция жасау ба­қыты №4 қалалық клиника­лық ауруханасының бөлім­ше мең­герушісі Манар­бек Әубәкіровке бұйырды. Опера­ция кезінде С.Ас­фендияров атын­дағы ҚазҰМУ травматология және ор­то­педия кафедра­сы­ның профессорлық-оқытушы­лық құ­­ра­мы мен аурухананың же­текші дәрі­герлері кеңес беріп отырды.

«Тізе буынының 3-4 деңгей­дегі деформациялық гонартрозымен 10 жылдан астам ауыратын науқасқа операция жасадық. Шын мәнінде 3 немесе 4 сатыдағы гонартрозды емдеудің жалғыз тиімді жолы – хирургиялық операция болғандықтан, алдын ала тізе буынының компьютерлік томографиясы жасалып, зерттеу деректері жүйеге жүктелді. Робот бізге тізедегі ауытқуларды, имплант өлшемін есептеп беріп, операция кезінде жүйе тап­сырманы өзі орындағандай әсер қалдырды. Робот миллиметр­лік дәлдікпен операциялық аймақ­ты кесіп алғандықтан, оған мамандар араласқан жоқ. Яғни бұл жо­ғары маманданды­рыл­ған ро­бот­тандырылған технология, сон­дықтан, науқас аяғына тез тұрады, операциядан кейінгі ауырсыну белгілері де, жарақаты аз болады», дейді М.Әубәкіров.

№4 қалалық клиникалық ауруха­на жедел, жоспарлы хи­рур­гия­лық, травматологиялық, ней­ро­хирургиялық, кардио­хи­рургиялық көмектің толық циклі бар мамандандырылған трав­матологиялық орталыққа айна­лып келеді. Ауруханада реви­зиялық эндопротездеу жөніндегі шеберлік дәрістерімен қатар, жұқ­палы асқыну мәселелері қара­лып, талқыланып отырады. Аурухана – ірі буындарды ауыс­тыруда жетекші орталық, оған жыл сайын осы емханада жасалатын 2 мыңға жуық буын ауыстыру операциялары дәлел-дәйек. Бұған дейін мұнда жартылай автоматты жүйесі бар робот сынақтан өткен болатын.

 

АЛМАТЫ