• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Қараша, 2024

Мемлекет пайдасына 525 млрд теңге аударылды

161 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия «Заңсыз иемде­ніл­ген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъекті­лерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады. Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданды: Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен; Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ал­матыда ерекше қажеттілігі бар адам­дарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуге тиіс. Осы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құры­лысына қаражат бөлінді. Ко­миссия жұ­мысы жалғасып жатыр.