Ақтөбе облысында өртенген тікұшақтан зардап шеккендер Ақтөбедегі стационарға жеткізілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр. Науқастар есін біледі, сұрақтарға жауап бере алады.
«Ауылда тікұшақ құлағаны туралы хабарлама 103-ке сағат 11:36-да түсті. Оқиға орнында екі науқасқа Мәртөк аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті. Бір жәбірленуші 103 келгенге дейін қаза тапты», деп жазылған хабарламада.
Ақтөбеде науқастарды әуе айлағында екі жансақтау бригадасы қарсы алды. Екі адам күйік алған. Қазір зардап шеккендерге диагностика жүргізіліп жатыр.