2024 жылдың қазан айында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі заттарын аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікке ілінген екі есірткі тобының әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.