• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Таным 12 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: Жылдам көлік

57 рет
көрсетілді

«Tesla» компаниясы әлемдегі ең жүйрік полиция электр көлігін таныстырды.

Бұл техника АҚШ-тың тәртіп сақ­шыларына арнап жасалған. «Tesla Model S Plaid» атты электр көлігі жылдамдықты 2 секунд ішінде сағатына 100 шақырымға дейін арттыра алады. Ең жоғары көр­сеткіші – сағатына 322 шақырым. Жақында өнімнің алғашқы нұсқасы Лос-Анджелес округіне жеткізіледі.

 

Құпия жол

Ғалымдар Тынық мұхитының түбінен кірпіштен қаланған жол тапты.

Гавай аралдарының солтүстігінде орналасқан терең су жотасына жасалған экспедиция кезінде ерекше жаңалық ашылды. Нақтырақ айтқанда, мұхит түбінен сары кірпіштен қаланған жол табылған. Бұл таңғаларлық көріністі «Nautilus» зерттеу кемесі кездейсоқ кездестіріпті. «Ocean Exploration Trust» ұйымының зерттеушілері 3 000 метр­ден астам те­реңдікте орналасқан бұл аймақтың құ­пиясын зерттеуге әлі де ұмтылып жатыр.

 

Өсімдіктер  айқайы

Өсімдіктер жарақат алғанда немесе сусыз қалғанда, адам құлағы естімейтін жиілікте дыбыстар шығарады.

Тель-Авив университетінің биолог-ғалымы Лилах Хаданидің жетекшілігімен жүргізілген бұл зерттеу өсімдіктердің дыбыс арқылы қоршаған ортаға белгі беру мүмкіндігін алғаш рет дәлелдеп отыр. Мұндай жаңалықтың ауыл ша­руа­шылығына тигізетін пайдасы зор болуы мүмкін. Өйткені адамдар өсім­діктердің «шөлдегенде» белгі бергенін анықтап, оларды жеткілікті деңгейде суарады.