• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қараша, 2024

Рекордтық мөлшерде бауырсақ пісірген қазақ ауылы Гиннеске енді

105 рет
көрсетілді

Бұл рекордты орнату үшін Қостанай облысы Қамысты ауылының тұрғындары «Бауырсақ-Фест» фестивалін ұйымдастырған. Оған 60 ұйым қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.

Рекордты растау үшін ауданға Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі келген. Ауыл тұрғындары  барлығы 2339 келі 650 грамм бауырсақ пісіріп үлгерген. Айта кетейік, бұрын-соңды елімізде мұндай көлемде бауырсақ пісірілген емес.

Еске сала кетейік, бұл қостанайлықтардың бірінші әлемдік рекорды емес. Өткен жылы олар бір күнде 2300 қар адамын жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

«Осындай іс-шаралардың аудан көлемінде ұйымдастырылғаны өте жақсы. Барлығымыз жиналып, қатыса аламыз. Өте қызықты. Бізді бір мақсат біріктіреді, өңірімізді жерге қаратпауға тырысамыз», дейді ауыл тұрғыны.